Ердоған Әзірбайжанда

Ердоған Әзірбайжанда президент Илхам Алиевпен бас қосты.

478186
Ердоған Әзірбайжанда

Президент Режеп Тайып Ердоған БҰҰ Өркениеттер Альянсы 7-ші Жаһандық форумына қатысу мақсатымен Әзірбайжанға барды.  Ердоған Әзірбайжанда президент Илхам Алиевпен бас қосты.

Президенттік сарайда өткен кездесуде Ердоған мен Алиев екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікке сүйенетін достық және бауырластық қатынастардың жетілгеніне ризашылықтарын тілге тиек етті.

Жоғары деңгейдегі көзқарастардың қатынастардың жетілуі тұрғысына маңызды екенін атап көрсеткен басшылар қарым-қатынастардың бұдан былай да дами түсетініне сенетіндерін білдірді.

Ердоған мен Алиев Түркия мен Әзірбайжан бірігіп жүргізген Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі сынды энергия саласындағы ынтымақтастықты нығайту тақырыбы мен Таулы Қарабахтағы соңғы оқиғаларды да талқылады.

Екі жақты кездесуден кейін Алиев президент Ердоғанның құрметіне қонағасы берді.



Ұқсас жаңалықтар