Бельгиялық түріктер Еуропа Парламенті алдына шатыр құрады

Еуропадағы Түрік демократтар одағы террористтердің қанды жүзін баршаға көрсетеді.

461283
Бельгиялық түріктер Еуропа Парламенті алдына шатыр құрады

Еуропада ауқымды жұмыстар жүргізген бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның қанды жүзін түсіндіргісі келген түріктер Бельгияның астанасы Брюссельде шатыр құрады.

Еуропадағы Түрік демократтар одағының (UETD) Бельгия филиалы төрағасы Басир Хамарат бейсенбі күні (31.03.2016) Еуропа Парламенті алдына шатыр құратындарын мәлімдеді.

Осылайша ПКК-ның террор шабуылдары мен келтірген зияндарын осындағы халыққа түсіндіретіндерін атап көрсеткен Хамарат «ПКК тек қана полиция мен әскерімізді шәйіт етпеді. Анкарадағы жанкешті шабуылда шешесі мен дүниеге келмеген нәрестені де өлтірді. Қалаларда жанкешті шабуылдарымен халықты, жазықсыз адамдарды нысанаға алды. Бұл жасалған шабуылдар бұрында да жасалатын. Жылдардан бері аяусыздықпен жазықсыз халықты қыруда. Осылардың барлығын түсіндіріп, шындықты көрсету керек» деді.

Шатырдың үстіне террор ұйымы шәйіт еткен әскер мен полиция қызметкерлеріне қоса, қаза тапқан жазықсыз адамдардың да фотосуреттерінің орын алатынын атап айтқан Хамарат Бельгия, Франция және Пәкістандағы террор шабуылдары құрбандарының суреттерін де ұмытпайтындарын білдірді.

Басир Хамарат «Террор құрбанын таңдамайды. Мұны ПКК мен ДАИШ терроры құрбандарының фотосуреттерін қатар қойып, баршаға дәлелдейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар