Анкарада «Алаштың Әлиханы» атты халықаралық конференция өтеді.

Халықаралық конференцияға қазақ, түрік зиялылары мен көрнекті ғалымдар шақырылды.

443866
Анкарада «Алаштың Әлиханы» атты халықаралық конференция өтеді.

Анкарада «Алаштың Әлиханы» атты халықаралық конференция өтеді.

Түркияның бас қаласында өтетін конференцияны Түркі академиясы халықаралық ұйымы, Гази университеті, Түркияның ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Гази Университетінің бас ғимаратында болатын «Алаштың Әлиханы: Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы және түркі зиялылары» атты халықаралық конференцияға қазақ, түрік зиялылары мен көрнекті ғалымдар шақырылды. Таңертең басталатын жиын Яссауи өнер ансамблінің концертімен аяқталады.

Алаш көсемдерінің бірі, тұғырлы тұлға Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдық мерейтойын 2016 жылы ЮНЕСКО көлемінде атап өтуге шешім қабылданған болатын.



Ұқсас жаңалықтар