Шанхай ұйымының ауқымы кеңейеді

Үндістан, Иран және Пәкістанның келесі жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қосылуына мүмкіндік бар.

137145
Шанхай ұйымының ауқымы кеңейеді

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Тәжікстанның астанасы Душанбеда өткен мемлекет басшылары кеңесінің 14-ші саммитінен кейін ортақ декларация жарияланды.


Декларацияда ұйымның кезекті төрағалығын Ресейдің алғаны, ұйымға қабылдау жарғысына өзгеріс енгізілгені орын алды. Осылайша бақылаушы ел мәртебесіндегі Үндістан, Иран және Пәкістанның келесі жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қосылуына мүмкіндік берілді.


Декларацияда сондай-ақ Украинада бейбітшіліктің қайтадан орнауы және дағдарыстың толық мағынасымен шешілуі үшін ауқымды келіссөздің жалғасуы керектігі атап көрсетілді.


НАТО мен Америка әуе қорғаныс жүйелеріне меңзеліп, «Мемлекеттердің немесе одақтардың әуе қорғаныс жүйелерін бір жақты кеңейтуі халықаралық қауіпсіздік пен стратегиялық тұрақтылыққа зиян тигізеді» деп айтылды.


Сондай-ақ Сирияның территория тұтастығы мен егемендігіне қолдау атап көрсетілді.


Сириядағы дағдарыстың ел ішіндегі келісім арқылы шешілетіні айтылды.


Декларацияда айырықша Иранның ядролық бағдарламасы тақырыбында 5+1 елдерімен жүргізілген келіссөздеріне де қолдау келді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар