Түркі әлемінің ортақ телеарна ұсынысы

«Ортақ телеарна ашылуы пікіріне көңіл бөліп отырмыз»

111799
Түркі әлемінің ортақ телеарна ұсынысы

Түркі академиясының төрағасы Дархан Қыдырәлі түркі әлеміне ортақ телеарна құрылуы пікіріне көңіл бөліп отырғандарын айтты.
Қыдырәлі Қазақстанда жыл сайын маусым айының соңғы аптасында тойланатын «Журналистер күні»не орай Қазақстанның елордасы Астанада қызмет атқаратын баспасөз қызметкерлерімен Бейбітшілік пен Келісім сарайында бас қосты.
Түркі республикаларынан келіп, Астанада қызмет атқарған журналистер де орын алған барлық баспасөз өкілдерін құттықтаған Қыдырәлі Түркі академиясының түркі әлемінің интеграциясы үшін жұмыстарының жалғасуда екенін, ортақ тарих, әдебиет және жазуы тақырыбында жұмыстанғандарын айтты.
Қыдырәлі маусым айының басында Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түрікменстан президенттерінің қатысуымен Бодрумда өткен Түрік кеңесінің 4-ші отырысында Қазақстан мемлекет басшы Назарбаев тарапынан ұсынылған ортақ телеарна пікіріне көңіл бөліп отырғандарын білдірді.
Түркия Радио және Теледидар корпорациясы мен Анадолы агенттігінің түрік әлеміне қызметтерін де атап өткен төраға баспасөз құралдары өкілдеріне алғысын жеткізді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар