Түркітілдес мемлекеттер саммиті Бодрумда өтеді

Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Қазақстаннан тұратын ұйымның биылғы жиналысына Түркменстан да қатысады.

74963
Түркітілдес мемлекеттер саммиті  Бодрумда өтеді

Түркітілдес мемлекеттер саммиті президент Абдуллах Гүлдің басшылығында 4 маусымда Бодрумда өтеді.
Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Қазақстаннан тұратын ұйымның биылғы жиналысына Түркменстан да қатысады.
Өзбекстан болса алдағы уақытта қосылады деген үміт бар.
Алдымен Вашингтон, Берлин және Парижде қалыптастырылуы жоспарланған диаспора аймақтық орталықтар арқылы әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүретін түріктердің басы бірігеді. Мақсат – ортақ қозғалып, Армения сынды маңызды проблемаларда ауызбірлігін қалыптастыру.
Уақыт өте түркі диаспорасының санағы да жоспарлануда.
Түрік кеңесі бас хатшысы Халил Акынджы дүние жүзінің әр жерінде өмір сүретін түркілердің санына назар аударып, күтілген ықпалды көру үшін жұмыстанатындарын атап көрсетті.
Акынджы қазір түркі диаспорасының саны көп, ықпалы аз екенін айтты, «арамызда бірігіп, бірге қозғалсақ, санымыз да артады, мүдделерімізді де бірігіп қорғаймыз» деді.
Аталмыш ұйым бастаған «Ортақ тарих оқулығы» жобасы болса жастарды ортақ мәдениет пен тарихта табыстыруды нысана қылады. Түркітілдес мемлекеттердің бастауыш және орта сыныптарында оқытылатын оқулық келесі жылдан бастап бағдарламаға қойылады.
Қауіпсіздік тақырыптары да Бодрум саммитінің басты мәселесі болмақ. Басқа бір мәселе де – туризм саласында. Ортақ жағрапияның бір бөлшегі болып табылатын тарихи Жібек Жолы үстінде туризм пакеті қалыптастырып, маршрут әрі аймақ, әрі әлем үшін таңдаулы орталыққа айналдырылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар