Аданада Түркістан фестивалі

Фестивальге Өзбекстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Улфат Кадиров та қатысты.

74772
Аданада Түркістан фестивалі

Биыл бесіншісі өткен фестивальде палау таратылды, концерт берілді.
Түркияның Адана қаласында түркістандықтар бас қосты. Бас қосуға Адана муниципалитеті мен Түркістандықтар мәдениет ұйымы ұйытқы болды.
Фестивальге Өзбекстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Улфат Кадиров та қатысты.
Елші Аданадағы қандастарымен бірге болғанына қуанышты екенін білдірді. «Осы бауырластықты ешқашан үзбеуіміз керек, ұмытпауымыз» керек деді ол.
Түркістандықтан мәдениет ұйымының төрағасы Илкер Медени болса ұйым туралы мәлімет беріп кетті. Медени Түркістан мәдениетінің сақталуы және жасампаз болуы үшін жұмыстанғандарын атап көрсетті. «Жерлестеріміздің Түркияға үйренісуі үшін көмектесеміз» деді ол.
Артынан халық би ансамбльдері өз өнерлерін көрсетті. Дәстүрлі Түркістан палауы пісіріліп, қонақтарға таратылды.
Фестиваль концертпен аяқталды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар