Мехмет Акиф мен татар халық ақыны Тоқай еске алынады

Симпозиум 13-17 мамыр күндері арасында жүзеге асады.

66377
Мехмет Акиф мен татар халық ақыны Тоқай еске алынады

Тәуелсіздік әнұранының авторы Мехмет Акиф мен татар халық ақыны Тоқай Қазан қаласында еске алынады.
«Мехмет Акиф Ерсой» пікір және өнер қоры Қазан Университетінде «Түркі әлемінің сәулелері: Мехмет Акиф Ерсой және Ғабдолла Тоқай» атты халықаралық симпозиум өткізеді.
Симпозиум 13-17 мамыр күндері арасында жүзеге асады.
Қордың мәлімдемесіне қарағанда Татарстанның бас қаласы Қазанда болатын халықаралық симпозиумда 75 баяндама оқылады.
Іс-шара аясында Түрік әшекей өнерлері көрмесі ашылады, тарихтағы Алтынорда мемлекетінің астанасы Болгар қаласында да арнайы бағдарлама өткізіледі.
«Мехмет Акиф Ерсой» пікір және өнер қоры бұдан бүрын Сербия, Косово, Мысыр, Босния-Герцоговина, Қазақстан және Әзірбайжанда халықаралық жиындар өткізген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар