«Түрікменстан- Ұлы Жібек жолының жүрегі» атты кітап таныстырылды

Түрікменстан президенті Бердімұхаммедовтың «Түрікменстан – Ұлы Жібек жолының жүрегі» атты кітабы Анкарада таныстырылды.

854557
«Түрікменстан- Ұлы Жібек жолының жүрегі» атты кітап таныстырылды

Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовтың «Түрікменстан – Ұлы Жібек жолының жүрегі» атты кітабы Анкарада таныстырылды.

Түрікменстанның Түркиядағы өкілетті елшілігі,  Гази Университеті және Халықаралық түрік мәдениеті ұйымы бірігіп ұйымдастырған конференцияға Түркия-Түрікменстан Парламенттер арасы достық тобының төрағасы Метин Гүндоғду,  Президенттің кеңесшісі Ялчын Топчу, Түрікменстанның өкілетті және төтенше елшісі Ишанқұлы Аманлиев,  Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Гази Университетінің ректоры Проф. Ибрахим Услан қатысты.

Өкілетті елші Аманлиев осында сөйлеген сөзінде Бердімұхаммедостың түрікмен халқының тарихы,  мәдениеті,  өнері,  әлеуметтік және экономикалық тұрмысы,  бүгіні мен ертеңі жөнінде қүнды еңбектер жазғанын білдіріп, «Түрікменстан президентінің жаңа кітабы түрікмендердің тарихи жолын жақсы түсініп, түрікмендердің ұлттық мәдени ерекшеліктері, әдет-ғұрыптарын, түрікмендердің ғылымға, экономикаға қосқан үлесін терең байыптауға мүмкіндік береді» деді.

Аманлиев «Түрікменстан - – Ұлы Жібек жолының жүрегі» атты кітаптың негізгі пікірінің тарихи даму призмасы арқылы Түрікменстанның халықаралық деңгейде жүргізген саясатының мағынасын ұғынудан қалыптасқанын атап көрсетті.

Конференцияның соңында концерттік бағдарлама қойылды.  Артынан түрікмен палауы таратылды.



Ұқсас жаңалықтар