2015 жылы Түркі әлемінің мәдениет астанасы - Мары

Мары "Түркі әлемі мәдениет астанасы" атағын Татарстанның ел ордасы Қазаннан қабылдап алды.

200654
2015 жылы Түркі әлемінің мәдениет астанасы - Мары

2015 жылдың Түркі әлемі мәдениет астанасы Мары жылы басталды.


Мары Түркі әлемі мәдениет астанасы атағын Татарстанның ел ордасы Қазаннан қабылдап алды.


Түрікменстанның Мары қаласында кеше өткен ашылу салтанатында алдымен ел президентінің құттықтау жолдауы оқылды. Артынан Түркия, Әзірбайжан, Македония, Босния-Герцоговина, Ресей Федерациясының Башқұртстан және Тува республикалары, Болгария, Венгрия, Молдованың Гагауз елінен келген өнер топтары өз өнерлерін көрсетті. Өнерпаздар ұлттық билерін билеп, әндерін шырқады.


Ашылу салтанатына Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, бас хатшы орынбасары Фырат Пурташпен бірге Түрікменстан басшылары қатысты.


Салтанатты жиында түрікмен биі көрермендерді тәнті етті.


Артынан Мары аймағы Мемлекет тарихы және елді тану мұражайында Түріксойдың көрмесі ашылды.


Халықаралық Түркі мәдениет ұйымы Түріксой тұрақты кеңесі 2015 жылдың мәдени астанасы ретінде Түрікменстанның Мары қаласын таңдаған болатын. Осы атақ 2013 жылы Түркияның Ескишехир қаласында, 2014 жылы Татарстанның Қазан қаласында еді.


Түріксойдың бастамасымен 2012 жылы жүзеге асырылған Түркі әлемі мәдениет астанасы бағдарламасы қалалардың мәдениет және өнерін байытуды, түркі әлемі халықтарының бірін бірі тануына үлес қосуды мақсат етеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар