Түрік Сыртқы істер министрі Түрікменстанда

Чавушоғлу Түркия-Түрікменстан және Әзірбайжан сыртқы істер министрлерінің үштік жиналысына қатысады.

200293
Түрік Сыртқы істер министрі Түрікменстанда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу екі күндік сапармен Түрікменстанда.


Сапарының алғашқы күні екі жақты кездесу өткізген Чавушоғлу екінші күні Түркия-Түрікменстан және Әзірбайжан сыртқы істер министрлерінің үштік жиналысына қатысады.


Мевлүт Чавушоғлу Түрікменстан сапарын әріптесі Рашид Мередовпен оңаша кездесіп бастады. Артынан делегация аралық кездесулер өткізілді.


Түрік сыртқы істер министрі Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовпен де кездеседі.


Мевлүт Чавушоғлу Түрікменстанда халықаралық қатынастар тақырыбында баяндама оқиды.


Сапардың екінші күні болса Түркия-Түрікменстан-Әзірбайжан сыртқы істер министрлерінің үштік отырысы болады.


Осы отырыста дос және бауырлас үш елдің қатынас, энергия және дипломатиялық ықпалдастықтары қолға алынады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар