Түрікменстанда Түрік мәдениет күндері

Биыл төртінші мәрте өткізіліп отырған Түрік мәдениет күндері 26 қыркүйек күніне дейін Ашхабад және Мары қалаларында болады.

135670
Түрікменстанда Түрік мәдениет күндері

Мәдениет және туризм министрлігі ұйытқы болған Түрік мәдениет күндері астана Ашхабадтағы концертпен басталды.


Түрікменстан Мемлекеттік Мәдениет орталығында болған беташар салтанатына Түрікменстан Мәдениет министрінің орынбасары Атагелди Шахмурадов, Түркия Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Абдуррахман Арыджы, Түркияның Ашхабадтағы өкілетті және төтенше елшісі Шевки Мүтевеллиоғлу мен шетелдік қонақтар және көптеген түрікмен жұртшылық қатысты.


Беташар концертінде канун шебері Тахир Айдоғду мен ансамблінің өнері және Измир Түркі әлемі мемлекеттік би және музыка ансамблінің қойылымы тәнті қылды.


Биыл төртінші мәрте өткізіліп отырған Түрік мәдениет күндері 26 қыркүйек күніне дейін Ашхабад және Мары қалаларында болады.


Түрік мәдениет күндері шеңберінде дәстүрлі театр, музыка, би, балет, кинофильм қойылымдары мен эбру, күміс шеберлігі, қалайы, шыны шеберлігінің үлгілері көрсетіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар