Түрік тарихының жарқын жұлдыздары-12

Белек Гази әділеттілігімен даңқы жер жарған бір билеуші

459987
Түрік тарихының жарқын жұлдыздары-12

Бүгінгі бағдарламамызда Белекті таныстырамыз. Оның толық аты Бехрам ұлы Нуруддевле Белек. Ол Белек Гази атымен әйгілі болды. Оғыздардың Кайы тайпасынан Артуклу әулетіне тән бір түрік биі. Ұлы бір жауынгер және батыр. Әділеттілігімен даңқы жер жарған бір билеуші.

Енді Гази университеті мұғалімі доцент Гүрай Кырпыктың осы тақырыпқа байланысты зерттеуін ұсынамыз.

Белек Гази Суручтың жастық шағына байланысты көп мағлұмат жоқ. Ол Харпут және Халебте би болады, сондай-ақ Крест жорығында үлкен табыстарға қол жеткізіп даңқы шығады. Селжуклу сұлтаны Меликшах қайтыс болған соң Сирия билеушісі Мелики Тажүддевле Тутуш Суручты Артук Гази Оғлұ Сөкмен Бейге береді. Сөкмен Бей де бұл жерді жиені Белек Газиге берген.

1098 жылы Селжуклу Биі Яғышиянның қолында болған Анталияны Крестілерден құтқару үшін келген Ұлы Селжуклу армиясы қолбасшысы Күрбоғаның қасында Белек Гази де бар еді. Белек 1100 жылы бір бөлім түрікмен тайпаларын маңына жинап, Суруч өңірін және маңындағы аймақты жаулап алған Крестілерге жорық жасайды. Үлкен қанды соғыс болады. Батырлық көрсеткен Белек Гази ағасы Сөкмен Газимен бірге 1104 жылы Кресттерге қарсы Харам соғысынан жеңіп шығады. Белек гази үлкен Желжуклу мемлекетінің Мосул биі болған Мевдудтың 1110 жылы Урфа аймағына жасаған жорығына Артуклу Илгазимен бірге қатысады. Мевлуд Харамды Белектің ағасы Илгазиге береді.

Белек Гази Харпут әкімі Чубук ұлы Мехметтің 1112 жылы қайтыс болуына орай маңына жинаған түрікмендермен бірге Харпут тысындағы провинцияларды басып алады. Ол Палу өзенін орталық етіп, жаңа бір билік құрады.

Осы барыста Түркия Селжуклу сұлтаны бірінші Кылыч Арсланның ұлы Тугрул Арслан Малатия сұлтаны ретінде билік жүргізген еді. Тугрул Арсланның жасы өте кішкене болғандықтан 1113 жылы шешесі Айша Хатун Белек Газимен үйленеді. Малатияға келген Белек Гази Тугрул Арсланның бас мұғалімі болады. Осылайша Белек Гази Малатия, Елбстан және маңындағы аймақты өз территориясына қосып, территориясын кеңейтеді. Белек Гази 1115 жылы Харпутты билік астына алады. Осы барыста Бенгүжекли билеушісімен қырғи қабақ болған Белек Гази Менгүжекоғлұ Исхак биді жазаландыру мақсатымен Кемах және Ерзинжан аймағына 1120 жылы бір жорық жасайды. Менгүжекоғлұ Исхак Белек Газиге қарсы Трабзон Константин Габраспен бірге тойтарыс береді. Алайда біріккен күштер Белек Гази тарапынан Байбурт маңында үлкен жеңіліске ұшырайды.

Белек Гази Сирияда Кресттерге қарсы күресін жалғастырады. Белек Гази ағасы Илгазимен бірге 1122 жылы Сирия жорығына қатысады және Кресттердің қолындағы Зердена қорғанын қоршауға алады. Илгази осы жорықта науқастанады. 1122 жылы 19 қараша күні қайтыс болады. Бұдан кейін Белек Гази Кайы тайпасының бір Артуклу биі ретінде Кресттерге қарсы жорықтарын жалғастырады. Екі Кресттік орынды жеңіп Харпут қорғанын басып алады.

1123 жылы 18 сәуір күні Иерусалим королы Бадвинмен арадағы соғыстан жеңіп шыққан Белек Гази королды тұтқынға алады. Белек Газидің осы жорығы бүкіл Ислам әлемі және түрікмендер арасында Оның даңқының шығуына себеп болады.

Осы жорықтан бір жыл өткен соң Белек Гази аймақтағы кейбір қорғандарды бекемдегеннен кейін Халеб маңындағы аймаққа әскер жібереді. Мешхаладағы Крестілердің қайтадан күл талақанын шығарып, Мүжеддед қорғанын басып алады. Менбиж қорғанын қоршау барысында тойтарыс жасаған Кресттерге қарсы соғысуға мәжбүр болады. Белек Гази 1124 жылы 5 мамыр күні үшінші және үлкен соғыстан тағы жеңіп шығады. Бір күн өткен соң Менбиж қорғанын қоршауды жалғастырған кезде қорғаннан атылған бір оқ кеудесіне тиеді. Белек Гази ауыр жарақат алады. 1124 жылы 6 маусым күні Белек Гази шәйіт болады.

Кресттерге қарсы көптеген жорықта жеңіске қол жеткізген және соғыста шәйіт болған Белек Газинің мәйіті Халебке әкелінеді. Оның сүйегі Әзірет Ибрахимнің қасына жерленеді. Белек Газидің шәйіт болуы барлық Анадолы түрікмендерін және Ислам әлемін қайғыға батырады. Марқұмның жатқан жері жаннат болсын.



Ұқсас жаңалықтар