Қажы Бекташ Уәли

Анадолыда түрікмендер арасында Ислам дінінің таралуында ең маңызды тұлғалардың бірі Қажы Бекташ Уәли.

533672
Қажы Бекташ Уәли

Анадолыда түрікмендер арасында Ислам дінінің таралуында ең маңызды тұлғалардың бірі Қажы Бекташ Уәли. Оның өмірі туралы аңыз секілді хикаяларда тегінің Әз. Мұхаммедке дейін баратын әулие екені айтылады.  Осыған орай әкесінің аты Ибраһим, ол да Әз. Ехли Бейт имамдарының бірі Муса әл Казым тұқымынан. Қажы Бекташ Уәлидің әкесі Ибраһим мырза Хорасан түрікмендерінің мырзасы болатын.

**

Қажы Бекташ Уәлидің жастық шағында атақты сопы Лұқпан Перенденің,  артынан оның ұсынысымен Ахмет Яссауидің қасында білім алғаны туралы мәліметтер бар.  Ахмет Яссауидің қайтыс болған уақытын кеш деп қабылдайтын болсақ,  бұған қарағанда Қажы Бекташ Уәлиді Ахмет Яссауиден сабақ алуы ықтималы бар.  Айырықша Лұқпан Перенде арқылы арасында шәкірттік байланыс болғаны түсінікті болады.

Ол – Орталық Азияда Моңғол басқыншылығы басталғаннан кейін Анадолыға келген әулиелердің бірі.  Ахмет Яссауи оған өзінің ізбасары екені жөніндегі символдарды беріп,  оны Анадолыға жолдаған. Ахмет Яссауиден міндетті қабылдап алғаннан кейін,  Меккеге барып,  қажылық парызын өтеген Бекташ «қажы» атағын алады.  Қайта ораларда Кербелаға барып, Анадолыға келеді.  Қажы Бекташ Уәли чепни түрікмендерінің қыстауы Сулужакарахөйүк деген жерге келеді және Кадынжык Ананың үйіне қонақ болады.  Күн көру үшін ауылдың малын бағып,  шопан болады.

Осы кезде әулиелік көрсете бастап, Анадолыда таныла түседі.  Бүгінгі ошағы тұрған жерге Кызылжа Халвет, яғни қылует салады. Төңіректегі уәлилер және халық арасында атағы шығып, Анадолының ең үлкен әулиесі болады. Қажы Бекташ Уәли бүгінгі Қажы Бекташ деген жерде түрікмендер арасында ықпалды тұлға болады. Невшехир/Үргүп өңіріндегі христиандармен тығыз байланыс құрып, олардың да мұсылман болуына септігін тигізеді. Ізбасарларын Анадолының түкпір-түкпіріне жолдаған Қажы Бекташ Уәли өз дәуірінде өмір сүрген сопылармен салыстырғанда,  Анадолының Исламдасуының ең маңызды өкілі және таза Исламға бағынған сопы, ойшыл.

**

Яссауилік мектебінен Кутбеддин Хайдар дәстүрімен дәл келетін жақтары бар Бекташ Уәли Яссауи-Хайдари болып табылады.  Елван Челеби,  Ахмет Ефлаки және Ашыкпашазаденің кітаптарынан оның Селчук дәуірінде Анадолыда сопылықтың Календери мектебіне де өкілдік жасағаны көрінеді.

Қажы Бекташ Уәлидің Османлы мемлекетінде әсіресе Бекташи ошағы деп аталған янычарилер арасындағы атағы да оның жауынгерлік қасиетіне үйлеседі. Айырықша оның Османлы ардагерлері мен әскерлері арасында пір ретінде қабылдауында Абдал Муса сынды шәкірттерінің үлесі болған.

Абдал Муса Қажы Бекташ Уәлидің ең маңызды шәкірттерінің бірі.  Абдал Муса 14-ғасырдың алғашқы ширегінен кейін Қажы Бекташ Уәли ошағының шейхі болды.  Ол өзінің жанындағы Яссауи-Хайдари дәруіштерімен бірге жаңа құрылып жатқан Османлы мемлекетінің жеріне барып,  сол жерде Орхан Ғазидің қызметіне кіреді.  Түрлі жорықтарға қатысып, табысты болады.

Абдал Муса Қажы Бекташ Уәли есімінің Османлыға әсер етіп,  енуін қамдаған дәруіш. Абдал Мусаның тындырған үлкен ісі жорықтарда Османлы әскерлеріне Қажы Бекташтың әңгімелерін айтып, оны таныстыруы.  Абдал Муса оны әсіресе Бурса әкімдігінде таныстырды. Артынан Бергама және маңына барып,  осы жерден де Анталияға өтіп,  бүгінгі Теккекөй деген жерде дәруіш дайындауын жалғастырған.

Қажы Бекташ Уәлидің дастанға айналған өмір баяны орын алған «Вилаятнама Қажы Бекташ Уәли» - оны тарихи тұлға тұрғысынан таныстыратын ең маңызды туынды.  Сонымен бірге Қажы Бекташ Уәли жазды деп баста «Макалат» атты кітап сынды көптеген кітап айтылады.

 



Ұқсас жаңалықтар