Түрік тарихының жарқын жұлдыздары-8

Түрік сәулет тарихы және мәдениетінің маңызды тұлғасы-Мимар Кожа Синан

440564
Түрік тарихының жарқын жұлдыздары-8

Түрік сәулет тарихы және мәдениетінің маңызды тұлғасы-Мимар Кожа Синан. Оның әлем сәулет тарихына ықпал жасаған еңбектері әлі де сәулет және дизайнерлік мектептерінде оқулық ретінде оқытылуда. Мимар Синан 1490 жылы Кайсериге қарасты Геси ауданының Агырнан ауылында дүниеге келеді. Османлы құжаттарына қарағанда бұл жер христиан түріктер өмір сүрген «Гебран» ауылы болып табылады. Әкесінің аты нақтылы білінбегенімен шешісінің атының Камер Хатун немесе Емина Хатун болуы мүмкіндігі алға тартылуда.

Енді Гази университеті мұғалімі доцент Гүрай Кырпыктың осы тақырыпқа байланысты зерттеуін ұсынамыз.

Синан 1512 жылы Агырнандағы түрік христиандардың оқушысы ретінде «ажемоғланлар» мектебіне түседі. Ол 1521 Белград жорығынан бұрын янычары болған. Армия ішінде жастық кезінде бір жағынан Иран, Сирия, Ирак және Мысырды, енді бір жағынан Балкан, Венгрия және Оңтүстік Австралияны көреді. Кануни Сұлтан Сүлейманның Иран жорығында Ван көлінің қарсы жағажайындағы бақылау әрекетінде үлес қосады. Канунидың әскерімен бірге жағажайға өтіп, дұшпандарды байқауда сезгір қабілетін көрсетеді. Кануни Сұлтан Сүлейманның 1538 жылы Молдова жорығында Прут өзені үстіне қазық қағудың өзі мүмкін емес сазды жердегі батпақта 13 күн ішінде үлкен, әрі биік бір көпір салып, сұлтанның мақтауына ие болады және Дунай өзіне үстіне де көпір салады. Армияда бір логистикалық міндет атқарған Синан білімін инженерлік және сәулетші ретінде бітіреді. Ол 1539 жылы бас сәулетші болып сайланған кезде 49 жасында еді. Содан кейінгі 50 жылдық дәуірінде Синан империя құрамындағы барлық елдерде сансыз керемет еңбектер жасайды. Барған жердегі еңбектерді мұқият тексерген Синан осы жерлерден қорытындылағандарын түрік сәулет өнеріне сіңдіріп кемелдендіреді.

Италияда Ренессанс сәулетшілерінің қиялы болған мұнара құрылыс мәселесін шешкен Мимар Синан толыққанды түрде үлкен табысқа қол жеткізеді. Мимар Синан алғашқы еңбектерінде Османлы сәулетінің Изник, Бурса, Эдирне дәстүрлеріне негізделе отырып мекен зерттеу жұмысына бастаған. Мимар Синанды бас сәулетші деңгейіне көтерген үш еңбек назар аударуда. Бұлар- Халебте Хусревие кесенесі, Гебзеде Шобан Мұстафа кесенесі және Стамбулда Хүррем Сұлтан үшін салынған Хасеки кесенесі.

Мимар Синан бас сәулетші болғаннан кейін үш үлкен еңбегі оның сәулет өнерінің дамуын көрсеткен бас сатылар болып табылады. Бұлардың алғашқысы Стамбулдағы Шехзаде Мешіті мен кесенесі. Шехзаде мешіті кейін салынған барлық мешіттерге үлгі болған. Екіншісі Сүлеймание мешіті. Бұл Мимар Синанның Стамбулдағы ең керемет еңбегі. Өз сөзімен айтқанда шәкірттік кезеңінде 1550-1557 жылдар арасында салынған. Үшінші Селимие кесенесі бір мешіт, екі медресе және бір мектептен құралады. Мимар Синанның ең үлкен еңбегі 86 жасында салған және «ұсталық еңбегім» деп атаған осы кесенедегі Селимие мешіті. Еңбек 1575 жылы тамамдалған.

Мимар Синан бас сәулетші болған кезінде түрлі саламен айналысады. Анда-санда көнені жөндеді. Осы тақырыптағы ең үлкен талпынысын Аясофия үшін жұмсады. Талай рет мұнарасы құлаған және күйреген Аясофияны қайтадан салып, жап-жаңа бір көрініс және көркемөнермен безендірген. 1573 жылы Аясофияның мұнарасын өңдеп, төңірегіне қосымша қабырға салады және ғимараттық еңбектің осы таңға дейін жетуіне мүмкіндік жасайды. Көне ескерткіштердің маңына салынған ғимараттардың көріністерді бұзғаны себепті құлатылуы да оның міндеті арасында еді. Сондықтан Зейрек мешіті және Румели Хисары маңына салынған үйлер мен дүкендер құлатылады. Стамбул көшесінің кеңейтілуі, үйлердің салынуы және шырақтардың орнатылуымен айналысады. Көшелердің тар болуы салдарынан шыққан өрт қаупіне назар аударып, бұл жөнінде бұйрық шығарады. 1588 жылы Стамбулда көз жұмған Мимар Синан Сүлеймание мешіті қасында өзі жасаған қабірге жерленеді.

Мисан Кожа Синанның еңбектері ішінде 81 үлкен мешіт, 51 кішкене мешіт, 55 медресе, 26 діни мектеп, 17 кесене, 17 өндіріс орны, 3 аурухана, 5 су каналы, 8 көпір, 20 керуен сарай, 26 сарай, 8 ғибадатхана және 48 монша болып жиыны 375 еңбек бар. Бұлар ішінде Эдирне провинциясындағы Селимие мешіті Әлем мәдениет мұрағаттар тізімінде. Бұлардың тысында оның басқа да көптеген еңбегі бар.



Ұқсас жаңалықтар