Сирия түрікмендері үшін жаңа кезең

Түрік сыртқы саясатының бағдары 47

1094512
Сирия түрікмендері үшін жаңа кезең

Сирия түрікмендерінің 2011 жылдан бері жалғастырған «Абыройлы және еркіндік күресі жаңа бір сатыға көшті. Сириядағы ішкі саяси және әскери теңгерімнің өзгеруі және Таяу Шығыстағы аймақтық күш теңдігі жеткен сатыдан бастап енді Сирияда маңызды актерлердің бірі де Сирия түрікмендері болды. Қазір Сирия түрікмендері мен олардың саяси өкілі ретінде Сирия Түрікмен Мәжілісі әрі саяси, әрі дипломатиялық тұрғыдан Сирияда түрікмен халқының мүддесін қорғау және болашағын кепілдікке алу мақсатты алдағы кезеңде саяси шешім үстелінде қалу үшін күресуде.

Сирия түрікмендерінің әрі аймақтық, әрі халықаралық платформалардағы ең маңызды нысанасы Сирияның шекара тұтастығын қорғау ережесі аясында түрікмендердің жазылатын жаңа атазаңы шеңберінде Сириядағы болмысын танитын, қорғап, кепілдікке алатын бір заңдық мәртебеге қол жеткізуді қамтамасыз ету. Осы тұғырда ойымша алдыңғы сұраныс Сирия түрікмендеріне «құрушы халық» мәртебесін беру.

Сирия түрікмендері осы нысанаға қол жеткізу үшін келешекте Сирияда тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес қосатын барлық тараптармен саяси диалогқа ашық екенін бірнеше күннен бері қоғаммен бөлісуде. Сирия түрікмендерінің осы тақырыптағы жалғыз критериясы Сирияның және Түркияның қауіпсіздігіне қауіп төндірген террор ұйымдарымен бірдей ортада орын алмауы. Осы тұрғыда Сирияның шекара тұтастығына қарсы әртүрлі әрекетті жасаған радикал діни/этникалық актерлердің Сирияның келешегі жобаланатын платформаларға шақырылмауы дұрыс болады. Түрікмендер алдағы кезеңде әртүрлі бөлшектелген құрылым арқылы билікке қарсы екенін жариялады. Бұл дұрыс бір ұстаным. Әйтсе де, шекара тұтастығына зиян келтіретін бір қатар этникалық/діни топтарға федералдық/автономдық мәртебе берудің қандай болымсыз нәтижелерге жол ашқаны Иракта сыналды. Иракта ДАИШ-тің ортаға шығуының басты себебі де осы. Түрікмендердің кезкелген федералдық/автономды аймақ сұраныстары жоқ, өйткені мұны елдің бөлшектенуі ретінде көреді. Сирия түрікмендері түрікмендерге қоса бүкіл халықтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктері болған унитарлық бір мемлекет моделін қолдайды.

Түркияның қолдауымен Сирияда террордан тазаланған аймақтарда тұрмыс тез қалпына келуде. Азаматтық қоғам болса уақыт өткен сайын күшеюде. Мұның бір үлгісін өткенде байқадық. Сирия түрікмендері Сирия түрікмен мәжілісінің басшылығымен Сирияның Чобанбей қаласында бір Конгресс жиналды. Конгреске Халеб, Идлиб, Байыр-Буджак, Ракка, Хама, Хомус, Тартус, Дера, Голан төбелері және Дамаск түрікмендерінің артынан өкілдік жасайтын екі жүз елуге жуық делегат қатысты.

Сирия оппозициясы ішінде орын алған түрікмендер қысқа уақыттан бері әртүрлі тулар қолдана бастады. Түрікмен халқы біраз уақыттан бері Сирия оппозициясы ішінде мықты түрде өкілдік жасағысы келгенін әртүрлі платформаларда тілге тиек ететін. Сирия түрікмендерінің шаңырақ ұйымы ретінде Сирия Түрікмен Мәжілісі осы талаптарды демократиялық түрде қамтамасыз ету мақсатты бір конгресс өткізуге шешім қабылдады.

Конгресте Сирия түрікмендері Мәжілісінің мүшелері, Сирия түрікмен қоғамының зиялылары, Сирия түрікмен әскери топ қолбасшылары, Түрікмен азаматтық қоғам өкілдері ұйымы басшылары және Сирияның түрікмен тұрғындарынан өкілдер қатысты.

Ұсынылған 9 туу арасынан көпшіліктің дауысымен сайланған туу Сирия түрікмендерінің туу ретінде тігілді. Тудағы көгілдір түс түрікті, қызыл түс шәйіттердің қанын, ақ түс болса жаһандық гуманитарлық құндылықтарды көрсетеді. Тудағы жарты ай мен жұлдыз болса Исламның рәміздері. Аймақтағы тыныштық пен қауіпсіздіктің белгісі ретінде осы конгрестің артынан Түркиядан аймаққа қайта оралулардың да артуы керек.

Сирия жағрапиясында өмір сүрген ежелгі халықтардың бірі ретінде түрікмендер 7-ші ғасырдан бері аймақта тұрмыстарын жалғастыруда. Түрікмендер Сирияда ауқымды бір алаңға тараған. Халеб, Лазкийе-Идлиб (Байыр-Буджак), Хомус, Хама, Тартус, Ракка, Дера, Дамаск және Голан аймақтарында түрікмен болмысы бар. Сирия түрікмендері ғасырлар бойы өмір сүрген жерлер мен куәліктерін қорғау үшін қазіргі таңда маңызды бір күрес жүргізуде.

Ғасырлардан бері Сирияда, Сирия халқынан бөлек бір халық ретінде түрікмендер болмысын жалғастыруда. Сирияда түрік тілінде сөйлеген шамамен 1,5 миллионға жуық түрікмен бар. Түрік тілін ұмытқандарды да қосқанда, осы елде өмір сүрген түрікмен саны 3 миллионға таяу.

Сирия түрікмендері Сирияда арабтардан кейін ең көп халық санына ие екінші этникалық топ болып табылады. Түрікмендер Сирияда артта қалған кезеңнің ең үлкен зардабын шеккендердің бірі. Ешбір уақытта этникалық/діни террор ұйымдарымен байланысы болмаған және әрдайым Сирияның шекара тұтастығын қорғаған бір қоғам ретінде Сирия түрікмендері қазір де үстелде өз құқықтарын өздері қорғағысы келеді.

Қазіргі сатыда түрікмендерге құқықтары толық түрде берілгенде, бұл жағдай Сирияда тұрақты бейбітшіліктің орнығуы үшін аса маңызды қадамдардың бірі болмақ. Осыған орай түрікмендер жаңа құрылатын демократиялық Сирия мемлекеті мен Түркия Республикасы және Түрік дүниесі арасындағы қарым-қатынастарды нығайта түсетін маңызды бір  міндет атқара алады.



Ұқсас жаңалықтар