Бір сағатта 60 минут бар

Неге десеңіз? - 17

2129719
Бір сағатта 60 минут бар

Бір сағатта 60 минут бар

Бүгінгі бағдарламамызда 5 минуты қолданылатын бір сағаттық уақыт тілімінің неге 60 минут екеніне тоқталамыз.  Сіз ойлап көрдіңіз бе? Неге жүз емес, жиырма емес,  алпыс минут бар бір сағатта? Сол секілді бір тәулікте неге 24 сағат болады?

**

Жер шарының өз осінен толық бір айналым жасауға кететін уақыт аралығы бір күн.  Күннің төңірегінен айналуына болса бір жыл екенін білеміз.  Бұл өлшемдер ғарыш үшін нақты, әрбір ғаламшар үшін болса басқаша болады.  Мысалы Юпитер Күннің айналасындағы айналымын Жер шарының өлшемімен 4 333 күнде аяқтайды.  Күн мен жыл ұғымдары адам санасына тәуелді емес, космостық құбылыстар.

**

Ал айлар, апта және сағаттар ше? Бұл уақыт бірліктерін адамдар ойлап тапқан. Егіншіліктің басталуымен отырықшы тұрмысқа өткен адам баласы ішіп-жеу және баспана секілді негізгі мұқтаждықтарын қамдай алатын деңгейге келді.  Ежелгі дәуірлерде Месопоматия және Мысырда өмір сүрген адамдар кейде күнделікті мұқтаждықтарынан,  кейде тек қызығушылықтан бүгінгі математиканың іргетасын қалады.

**

Шамамен 2 300 жыл бұрын ежелгі грек елінде Жер шарының диаметрін болжап, уақытты өлшеудің маңызды сатысын ойлап тапты. Сол кезде Вавильон өркениеті ойлап тапқан алпыстық санау жүйесі кең қолданылғандықтан, осы болжамы алпысқа бөлініп, бүгінгі мағынада қолданылған ендік шеңберлері қалыптастырылады.  Шеңбердің ішкі бұрыштары 360 дәреже деп есептелгендіктен бір шеңбер 360 градусқа, бір жыл 360 күнге,  бір сағат 60 минутқа, 1 минут 60 секундқа тең деп қабылданады. 60 саны 2,3,4,5,6,10,12,15,20,30-ға қалдықсыз бөлінгендіктен есептеуде үлкен жеңілдік береді.

**

Бүгінгі күні метрлік жүйе мен уақыт өлшеуде ондық жүйе кең қолданылса да, сағаттың 60 минут және минуттың 60 секунд болуы дәстүрлі түрде қалыптасқан жағдай.  Адам баласы тарихы бойы жетілдірілген күнтізбе мен сағат жүйелеріне алдағы бөлімдерімізде орын береміз.  Бүгін «Бір сағат 60 минут, себебі күнді бөлуді ойластырған ежелгі ғалымдар осыны таңдаған» деп айтуға болады.



Ұқсас жаңалықтар