Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2049920
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған Израильге қатал наразылық білдірді» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып  Ердоған бірнеше күннен бері Газа секторын бомбалап жатқан Израильге қатал наразылық білдірді.  Ердоған «Қақтығыс қаланың суын, электр қуатын, кіру-шығу жолдарын кесіп, инфрақұрылымын бұзып, мешіттерден шіркеулерге дейін барлық ғибадат орындары мен мектептерді қиратып, адамдардың негіздік азаматтық қажеттіліктеріне қол жеткізуіне кедергі жасап, бейбіт тұрғындар тұратын ғимараттарды бомбалап, ойрандау арқылы әртүрлі ұятты әдістермен жүргізілген бұл қақтығыс соғыс емес, қырғын болып табылады» деді 

Йени Шафак газеті «Ердоған: әуе операцияларын жалғастырамыз» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Түрік Қарулы Күштерінің Ирак және Сирияның солтүстігіндегі террор ұйымдарына қарсы әуе операциясының жалғасатынын мәлімдеді. Ердоған «Біз әуе-десанттық күштерімізбен, артиллериялық бөлімшелерімізбен және қажет болған жағдайда құрлықтағы құрамдарымызбен әрқашан террористтердің үстіндеміз. Біз әуе операцияларын арттырып, террористтерді жоюды жалғастырамыз» деді.

Стар газеті «Қақтығыс салдарынан бағыттарын  Түркияға қарай өзгертті» деген хабарға орын берген. Израильге баратын круиздік кемелер Израиль-Палестина қақтығысына байланысты бағыттарын Түркия порттарына қарай  өзгерте бастады.

Хүрриет газеті «Ерсой: 37 жәдігеріміз тиесілі жерлерге оралуда» атты хабар жариялаған. Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Швейцариядан алғашқы тарихи жәдігерлердің қайтарылуына қатысты «Рим дәуірінен қалған бір бұғы мүсіні де бар 37 дана жәдігерлеріміз тиесілі жерлеріне қайтып жатыр» деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар