Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2139796
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті  «Ердоған – ең сүйікті көшбасшы» деген хабарға орын берген. Батыс Балқан елдері  - Албания, Босния және Герцеговина, Черногория, Солтүстік Македония, Сербия және Косовода жүргізілген сауалнама президент Режеп Тайып Ердоғанның аймақ халқының ең сүйікті көшбасшысы екенін көрсетті.

Хүрриет  газеті  «Израиль – басқыншы держава» деген тақырып  қолданған. Газеттің хабарына қарағанда, Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Израильдің басқыншы мемлекет екеніне назар аударып, «Мұнда (Газада) соғыс күтпеген жерден басталған жоқ» деді. Хамастың террор ұйымы емес екеніне назар аударған Фидан «Хамас террор ұйымы емес, тойтарыс қозғалысы» деді.

Йени Шафак газеті «Нахчыван табиғи газы осы қыста Түркия арқылы жеткізіледі» деген хабарға орын берген. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​Түрікменстан табиғи газының Әзербайжан және Грузия арқылы Түркияға тасымалдануы үшін Түркия-Әзербайжан табиғи газ ынтымақтастық келісіміне қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде «Биыл қыста Нахчыванның табиғи газы осы жолмен жеткізіледі. Біз бұл желіні (Ыгдыр-Нахчыван) мүмкіндігінше тезірек пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз» деді.

Стар газеті Сауда министрінің сөздеріне орын берген. Хабарға қарағанда, Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр Түркияның 2023 жылы 24 метр және одан жоғары яхталарға тапсырыс беруде 73 мың 11 брутто тоннамен әлемде 4-ші орынға келгенін білдірді.

Ватан газеті «Министр «TÜRKSAT 6A» ғарышқа ұшатын күнді жариялады» деген хабарға орын берген. Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу «TÜRKSAT 6A-ның» маусым айының басында АҚШ-қа жіберілетінін айтып, «Біздің болжамымыз 8-14 шілде аралығында орбитаға ұшырылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар