Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2045505
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған капитал нарықтарына тіпті көп көңіл бөлетіндерін білдірді» деген хабарға орын берген. Президент Ердоған «7-ші Түркия Капитал нарықтары конгресінде» сөз сөйледі. Ердоған баяндамасында Республиканың жүз жылдығында тіпті күшті, тіпті қауіпсіз және тіпті гүлденген Түркия мақсатымен алға қарай ілгерілегендерін айтты. Ердоған «Соңғы 21 жылда жалпы 255 миллиард доллар халықаралық инвестиция тартқан ел ретінде біз капитал нарықтарына ерекше көңіл бөлеміз» деді.

Сабах газеті  «Еуропа Одағының Түркия жайлы мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Еуропалық Одақ  Түркиямен ынтымақтастық және өзара тиімді қарым-қатынасты сақтауға бейілділігін растады.

Йени Шафак газеті «Ирак-Түркия мұнай құбыры осы аптада іске қосылады» деген хабарға орын берген. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​Ирак-Түркия мұнай құбырының пайдалануға дайын екенін және осы апта ішінде іске қосылатынын мәлімдеді.

Стар газеті «Түркия-Катар ынтымақтастығы артып келеді» атты хабар жариялаған. Түркия мен Катар арасындағы сауда ынтымақтастығы артып келеді. Сауда министрі Өмер Болат 220 Катар  фирманың Түркияда маңызды жобаларды қолға алғанын айтып, «Катардың Түркияға салған инвестициясы 20 миллиард доллардан асты» деді.

Хүрриет газеті «Тағы 2204 Togg жеткізілді» деген хабарға орын берген. Түркияның алғашқы электрлік және отандық көлігі Togg сатылымында қыркүйек айында 2 мың 204 дана жеткізілсе, мамыр айынан бері жеткізілім саны 5 мың 604 болды.



Ұқсас жаңалықтар