Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2016191
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоғанның жаңа конституциялық жолдауы» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның азаматтық, баршаны қамтитын конституцияға мұқтаж екенін атап көрсетті. Ердоған жаңа заң шығару жылында жаңа конституцияның жұмысына басымдық беретіндерін айтты.

Хүрриет газеті «Тәуелсіз Палестина құрылуы керек» деген хабарға орын берген. Президент Ердоған Түркияға ресми сапармен келген Палестина басшысы Махмут Аббасты қабылдады. Ердоған 1967 жылғы шекарада Біріккен Ұлттар Ұйымының параметрлері негізінде астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуы бүкіл аймақтың тыныштығы мен тұрақтылығының шарты екенін мәлімдеді.

Сабах газеті «Израиль баспасөзінде назар аударарлық талдау» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Израиль баспасөзінде  президент Ердоғанның маңызды рөлі күн тәртібінде. Түркияның сыртқы саясатына назар аударған «Haaretz» газеті жүрегіне ота жасалуына байланысты Түркияға сапары кейінге шегерілген Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың «мақтан тұтылатын көшбасшымен» кездесетінін жазған.

Йени Шафак газеті «Ердоғанның сөздері грек ақпарат құралдарының күн тәртібіне айналды» деген тақырып қолданған. Грекия өрт апатымен күресіп жатқан кезде Түркияның өрт сөндіруге арналған көмегі мен  президент Ердоғанның «Грекияға көмектесу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз» деген сөздері грек газеттерінің тақырыбына айналды. «CNN Greece» Ердоғанның грек халқына хабарлама жолдағанын жазды. «News Beast» газеті де Ердоғанның сөздерінің ынтымақтастыққа шақырғанын білдірді.

Стар газеті «Түркияның Сауд Арабиясына ұшқышсыз ұшақ сатуы АҚШ пен Қытайға қатты әсер етті» деген хабар жариялаған. Сауд Арабиясына қарулы ұшқышсыз ұшатын аппараттарды  сату арқылы Түркияның геосаяси нәтиже беретін актер болғанын айтқан сарапшылар бұл жағдайдың Түркияның НАТО одағындағы салмағын арттыратынын баса білдірді. Сарапшылар «Түркия Сауд Арабиясына ұшқышсыз ұшақ сатуымен Парсы шығанағында Қытайдың әрекеттеріне теңгерім әкелетін НАТО еліне айналды» деген сөз тіркестерін қолданды.



Ұқсас жаңалықтар