Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2144692
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Газа секторында қайтадан ыстық тамақ тарата бастады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Газа секторының Рафах қаласына қарсы Израиль бастаған құрлық операциясы салдарынан 6 мамыр күнінен бері тоқтатылған тәулігіне 10 мың адамға ыстық тағам тарату қызметі Түрік Қызыл жарты ай қоғамы тарапынан Дейр-Белах аймағында қайта басталды.

Хабер түрік газеті «Уралоғлу: Таяу Шығыстағы сауда жолдары Түркия арқылы Еуропаға қосылады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу, Литваның Клайпеда портынан бастап, Польша, Словакия, Венгрия, Румыния және Болгариядан Түркияға жалғасатын Виа Карпатия тас жолы мен Таяу Шығыстағы сауда жолдарын бүкіл Еуропаға Түркия арқылы байланысатынын атап «Түркия ретінде біз Виа Карпатия жобасының бір бөлігі болуға және әртүрлі ынтымақтастыққа дайынбыз» деді.

Стар газеті «Сынақтан өткізгендері TOGG-ты мақтады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркия шығарған отандық Түркияның Автокөлік кәсіпорындар тобының "TOGG" көлігін сынақтан өткізген Германияның алдынғы қатарлы автокөлік журналы «Auto Bild» ұлттық мақтанышымызға жоғары баға берді. «Түріктің Тесласы керемет» тақырыпты мақалада TOGG-тың «T10X моделі» көптеген шетелдік автокөліктермен салыстырылып, ішкі және сыртқы дизайнына толық баға берілді. TOGG-тың қазірден-ақ үлкен жетістікке жеткені атап көрсетілді.

Сабах газеті «Түркияның сол қаласы әлемдегі ең жақсы нандар тізімінде бірінші орынды иеленді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Taste Atlas» компаниясының дүниежүзілік зерттеуі бойынша әлемдегі ең жақсы нандар анықталды. Тізімде Түркияның Самсун қаласының «Бафра пидесі» бірінші, «Самсун пидесі» болса екінші орын алды.

Хүррийет газеті «Суперлигада Галатасарай чемпион атанды» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Trendyol Супер лигасы» 38-ші апталық матчында Галатасарай қарсы көгалда Конияспор командасын 3-1 есебімен жеңіп, 24-ші рет чемпион атанды. 102 ұпайға жеткен сары-қызылдар лига тарихындағы ең көп ұпай жинаған чемпион команда атанды.



Ұқсас жаңалықтар