"Суға кедей" немесе "Суға бай" мемлекеттер

Су - өмір тынысы 07

231613
"Суға кедей" немесе "Суға бай" мемлекеттер

«Су өмір тынысы» атты бағдарламамыздың бұл бөлімінде «суға кедей» немесе «суға бай» деген ұғымдарды бағаландырамыз. Алдыңғы бағдарламаларымызда судың тіршілік үшін маңызды екенін, шектеулі болғанын және байқаусыз қолданылған су тақырыптарын бағаландырған едік. Әсіресе байқамай жұмсалған су яғни, «қияли су» ұғымына назар аудару үшін маңызды мысалдар келтірген болатынбыз.
Дүниеде жылдам артқан адам саны, су көздерінің бірдей жылдамдықпен жаңартыла алмауы себепті ішіле алатын таза ауыз суына қол жеткізу тақырыбында қиыншылықтар мен «су кедейлігі» деген тақырыптарды күн тәртібіне әкелді.
Мемлекеттерді су тұрғысынан жіктейтін болсақ, жылына адам басына шаққанда орташа қолдана алатын су мөлшері мың текше метрден аз болған мемлекеттер «су кедейі», 2 мың текше метрден аз болған мемлекеттер «суы аз» елдер ретінде қабылданады. Жылына бір адамға шаққанда 8 мың мен 10 мың текше метрден астам суы бар мемлекеттер болса «суға бай» болып қабылданады.
«Су кемшілігі» сипатын 1986 жылы сол кездің Швеция Табиғи білімдер зерттеу кеңесі мүшесі болған Малин Фалкенмарк атты ғалым жасаған еді. Фалкенмарктың «су аздығы» анықтамасы бүгін БҰҰ-нан бастап, тиісті барлық мекемелер мен ғалымдар тарапынан негізге алынады. Фалкенмаркке қарағанда, бір мемлекеттің өзен және жер асты су резервтері адам басына шаққанда күніне 4 мың 654 литр суды қамтымаған жағдайда, ол мемлекет «су тапшылығына» душар деген сөз. Осы көрсеткіш 2 мың 738 литрден төмен «тұрақты түрде су тапшылығы» бар мемлекет болып қабылданады. «Тұрақты су тапшылығы» адам денсаулығы мен тіршілік сапасына қауіп төндіріп жатқанда, экономикалық көрсеткіштердің де бұзылуына септігін тигізеді.
Фалкенмарктің есебі бойынша бір адам жылына мың 700 текше метр таза ауыз суына мұқтаж. Осы есептер және танымдарға қарағанда, Орташығыстағы мемлекеттердің түгеліне жақыны «су тапшылығы» болған аймақтарға жатады. Аталмыш есептер бойынша Малта және Сингапур да су аздығы шеккен мемлекеттер тобында. Дания, Польша және Чех Республикасы да «суы аз» мемлекеттер құрамында орын алады.
Түркиямен байланысты көрсеткіштерге кейінгі бағдарламаларымызда тоқталамыз. Бірақ қазірше сәті түскен соң мына бір мағлұматқа көз жүгіртейік. Жылына адам басына шаққанда мың 430 текше метрлік қолданыла алатын су мөлшерімен Түркияның суға бай бір мемлекет емес екенін атап өтейік. Түркия әлемнің ең жылдам ағыс өзендердің бірнешеуіне ие болса да, су резервтері тұрғысынан ең төменгі қатарда орын алады.
* * *
Кейбір мамандар Малин Фалкенмарктың «су тапшылығы» анықтамасын қабылдаса да, осы анықтаманың бір мемлекеттің өркендеуі туралы мәлімет бермейтінін ойлайды. Осы көзқарасты қолдаған мамандарға қарағанда, бір мемлекеттің ауыз суы көздерінің мөлшерін білу, ол мемлекеттің өркендеуі тақырыбында мәлімет бермейді. Орташығыстағы шөл мемлекеттерінің көпшілігінде ауыз суы тапшылығы кездеспейді. Негізінде суы көп Африка мемлекеттерінің көпшілігінде ауыз суы тапшылығы бар. Сондықтан су қажеттілігі мен су тұтынушылығын есептегенде тек қана елдің бақылауындағы су резервтерін емес, экономикалық және қоғамдық дамумен байланысты көрсеткіштерін де назарға алу керек....
Негізінде бір мемлекеттің шынында да қанша суға қажеттілігі бар?
Әлем денсаулық ұйымынан (WHO) Жами Бартрам мен ағылшын Халықаралық өркендеу басқармасынан Гай Ховарттың есептеулеріне қарағанда, адам басына шаққанда күніне 20 литр таза су қажет. Осы 20 литр тек қана ішу, тамақ даярлау және тазалық үшін қажетті ең аз мөлшерлі болып табылады.
Бірақ осы есепке наразылық білдіргендер де бар. Бір адамға ішу үшін қажетті су мөлшері 2 литр болып есептеледі. Ал тамақ жасау үшін қолданатын суы адам өмір сүрген қоғам мен экономикалық ортаға байланысты өзгеріп отырады. Сондай-ақ тазалықта пайдаланатын су мөлшері де әр мемлекет пен қоғамға қарай өзгереді. БҰҰ Өркендеу бағдарламасы тарапынан белгіленген «Әлеуметтік өркендеу индексі» бүгінгі таңда жаһандық бір көрсеткіш ретінде қабылданады. Бұл индекс денсаулық, оқу және байлықтарға сүйенген әртүрлі өлшемдерді біріктіріп, ортаға өркендеумен байланысты ауқымды бір бағаландыру шығады. Елдердің су саясатына наразылық білдірген мамандар, жеке тұлға немесе топтар мемлекеттердің немесе адамдардың таза ауыз суы қажеттілігін «Әлеуметтік өркендеу индексі» аясында есептелуін талап етеді.
«Суға бай» немесе «су кедейі» болу жайлы пікір таластар алдынғы бағдарламаларда атап көрсеткен пікір таластар секілді судың жер бетіндегі әділетсіз таралымынан пайда болады. Осы әділетсіз таралым суды мұнай секілді саудаға қойылатын тауарға айналдырады.
Әлемдегі таза ауыз суы көздері баршаға жеткілікті деп есепке алынады. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы көрсеткіштері бойынша, жыл сайын әлемнің өзендеріне, көлдеріне және жер асты су резервтеріне 43 мың 750 текше километр ауыз суы қайта оралады және осы судың тек қана 10 пайызынан азын қайта сорып шығарамыз. Бірақ мәселе жоғарыда айтқандай, әділетсіз таза су таралымы. Кейбір мемлекеттер бар су көздерінің біразын қолданса да, кейбір мемлекеттер резервтерін жылдамдықпен тауысуда.
БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының (UNEP) 2002 жылы жариялаған 3-ші Жаһандық Қоршаған орта рапортында нарық шарттарының жаһандық өлшемде еркіндігі, су саясаттарын белгілейтін және бағыт беретін көп ұлтты жекеменшіктердің бұл саладағы бастамалары жалғасқан сайын алдағы жылдарда әлем тұрғын санының көпшілігінің су тапшылығына душар болатынына назар аударылады.
Су тақырыбындағы пікір таластарды кейін ары қарай жалғастырамыз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар