Қақтығыс шығуы мүмкін өзен қойнаулары қауесеті

Су - өмір тынысы 23

418267
Қақтығыс шығуы мүмкін өзен қойнаулары қауесеті

Бұл тарауымызда су себепті қарулы қақтығыстар шығу ықтималы бар аймақтарды қолға аламыз.
Су себепті жақын келешекте соғыс басталатынын қолдаушы ғалымдардың көпшілігі тұңғыш қарулы қақтығыстардың Орталық шығыс аймақтарында басталатыны жайлы ортақ ұстанымға келген. Аймақта келесі 20-30 жылдай уақыттың артынан аймақ мемлекеттерінің көпшілігінде тек таза ауыз суы қажеттілігіне жауап беретіндей судың қалатыны болжалады.
Келесі тарауда Орталық Шығыстағы су мәселесін бағаландыратын боламыз. Осы тарауымыздың аяғында Орталық Шығыстың маңызды су көздері жайлы алдын ала мағлұмат бергіміз келеді.
Орталық Шығысқа нәр берген маңызды бес су көзі бар. Олар:
- Мысырға қоса тағы Африка мемлекеттерінен Эфиопия, Судан, Кения, Уганда, Танзания, Бурунди, Руанда және Заир пайдаланып отырған Ніл өзенінің суы;
- Израиль, Иордания және Палестина ортақ қолданған Шерия өзенінің суы;
- Ливан, Сирия және Түркия пайдаланып отырған Орант өзенінің суы;
- Түркия, Ирак және Сирия пайдаланған Евфрат және Тигр өзендерінің суы.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар