Шавкат Мирзиеев Ердоғанмен сөйлесті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев президент Ердоғанды туған күнімен құттықтады.

2107595
Шавкат Мирзиеев Ердоғанмен сөйлесті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев те президент Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, туған күнімен құттықтады.

Мирзиеев Ердоғанға түрік әлемінің бірлігі мен ынтымағына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис де Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, туған күнімен құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар