Түркиядағы алғашқы Өзбек орталығы Бурсада ашылды

Өзбек тілі және мәдениеті орталығы Бурса Улудаг университетінің ұйымдастыруымен ашылды.

2100284
Түркиядағы алғашқы Өзбек  орталығы Бурсада ашылды
ÖzbekKültür Merkezi_Bursa_Özbekistan_kazakça

Түркиядағы алғашқы Өзбек тілі мен мәдениеті орталығы Бурсада ашылды.

 Әлішер Науаи атындағы Өзбек тілі және мәдениеті орталығы Түркияда алғаш рет Бурса Улудаг университетінің ұйымдастыруымен ашылды.

Өзбекстандағы жетекші мемлекеттік университеттердің бірі Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті Түркияда алғаш рет өзбек тілі мен мәдениеті бойынша зерттеулер жүргізетін орталық ашты. Бурса Улудаг университетінде Түрік мемлекеттері мен туысқан қауымдастықтар қолданбалы және зерттеу орталығы (TÜDAM) құрамындағы Әлішер Науаи атындағы өзбек тілі мен мәдениеті орталығының ашылу салтанатына Өзбекстаннан да қонақтар келді.

Салтанатты жиында сөз алған Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі және әдебиеті университетінің ректоры, проф. Шухрат Сироджиддинов түрік мәдениетінің көне орталықтарының бірі Бурсада және Бурса Улудаг университетінде бір тарихи күнге куә болғандарына өте қуанышты екендерін айтты. «Бүгін ашылған орталық Әлішер Науаи армандаған түрік халқының бірлігі идеясының көрінісі десек қателеспейміз. Бұл орталық екі ұлы халықтың, өзбек пен түріктің тарихы, тілі, әдебиеті мен өнерінің ұлылығын көрсететін ерекше орын болмақ.» деді ол.

Әлішер Науаи атындағы өзбек тілі мен мәдениеті орталығы лента қиылған соң пайдалануға берілді. Қонақтар орталықты аралап, алдағы атқарылатын жұмыстар жөнінде құзырлы органдардан ақпарат алды.



Ұқсас жаңалықтар