Өзбекстанға барған турист саны артып келеді

2020 жылы елге 1 миллион 500 мың турист барған болатын.

2029842
Өзбекстанға барған турист саны артып келеді

Өзбекстанға жылдың 7 айында 3 миллион 680 мың турист барды. 

Өзбекстан Мемлекеттік статистика агенттігінің деректеріне қарағанда,  қаңтар-шілде айларында шетелден 3 миллион 680 мың турист барды.

Елге ең көп туристі Тәжікстан жіберді.  Тәжікстаннан Өзбекстанға 1 миллион 151 мың 400 турист барған.

Тәжікстаннан кейін 912 мың 800 туристпен Қырғызстан, 879 мың туристпен Қазақстан, 417 мың 400 туристпен Ресей, 58 мың туристпен Түркия, 20 мың 200 туристпен Оңтүстік Корея, 20 мың адамен Үндістан, 17 мың 700 кісімен Қытай және 14 мың 100 туристпен Германия келеді.

Коронавирус індетінен бұрын 2019 жылы 6 миллион 748 мың турист барған Өзбекстанға биыл баратын турист санының пандемиядан бұрынғы көрсеткішке жететіні жоспарланып отыр.

2020 жылы елге 1 миллион 500 мың турист барған болатын.



Ұқсас жаңалықтар