Түрік әлемінің 2-ші Медицина құрылтайы басталды

Фахреттин Кожа Түркияның барлық серіктестік түріне дайын екенін айтты.

2025436
Түрік әлемінің 2-ші Медицина құрылтайы басталды

Түрік әлемінің 2-ші Медицина құрылтайы Өзбекстанның Самарқанд қаласында басталды.

Түрік Мемлекеттері Ұйымы Денсаулық сақтау министрлерінің Екінші жиналысында сөз сөйлеген ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркияның барлық серіктестік түріне дайын екенін айтты.

Түрік әлеміне жер сілкінісі кезінде көрсеткен ұйымшылдығы үшін алғыс білдірген министр Кожа «бауырластығымыздың шынайылығын жер сілкінісі кезінде жақыннан көрдік» деді.

Түрік әлемі Жедел медициналық құтқару жасағының жүзеге асырылатынын да мәлімдеген министр оқу жұмыстарының келесі ай Измир қаласында басталатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар