Самарқанд қаласында Бас консулдық ашылады

Бекар Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның қатысуымен 7 наурызда Самарқанд Бас консулдығының тұсауы кесілетін айтты.

1595238
Самарқанд қаласында Бас консулдық ашылады

Түркия Өзбекстанның Самарқанд қаласында Бас консулдық ашады.

Түркияның Өзбекстандағы өкілетті елшісі Олган Бекар Самарқандта ашылатын Бас консулдыққа байланысты:

"Түркия Республикасы Өзбекстан тәуелсіздігін 1991 жылы тұңғыш рет таныған ел, әрі Ташкентте алғаш рет өкілетті елшілік ашқан ел. Осы тарихи жауапкерлікпен Түркия Самарқанд қаласында Бас консулдық ашуға шешім жасаған тұңғыш ел болып отыр" деді.

Өзбекстанға өкілетті елші ретінде тағайындалған Бекар Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның қатысуымен 7 наурызда тұсауы кесілетін Самарқанд Бас консулдығына байланысты мәлімдеме жасады.

Олган Бекар Түркия мен Өзбекстан қарым-қатынастарында президент Режеп Тайып Ердоған мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің басшылығында мықты қадамдар басылғанын атап айтты.

Бекар:

"Самарқандта ашылатын Түркия Республикасының Бас консулдығы екі жақты қарым-қатынастарымызда тың жаңалық болмақ. Саяси, экономикалық, мәдени, сауда және азаматтық байланыстарды қамтыған барлық салада күшті бауырластық тәуелділіктерді негіз еткен стратегиялық ортақтық өресіндегі еі ел қарым-қатынастарына маңызды есе қосады. Екі бауырлас ел арасындағы дипломатиялық байланыстардың 29 жылдығында Самарқанд Бас консулдығының ашылу сүйіншісін бергенімізге де ризамыз" деп көрсетті.

Елші Бекар:

"Түркия мен Өзбекстан арасындағы тұрақты достық және бауырластық қарым-қатынастардың үлгісі ретінде Самарқанд Бас консулдығымыздың екі жақты қарым-қатынастарымызға және халқымызға мықты қызмет көрсететініне шынайы сенемін" деді. 



Ұқсас жаңалықтар