Өзбекстанға СПИД-пен күрес үшін 13,8 миллион доллар

СПИД, туберкулез және безгекпен күрестің Жаһандық фонды Өзбекстанға 13,8 миллион доллар берді.

398999
Өзбекстанға СПИД-пен күрес үшін 13,8 миллион доллар

СПИД, туберкулез және безгекпен күрестің Жаһандық фонды Өзбекстанға 13,8 миллион доллар берді.
Өзбекстан Денсаулықты ұйымының бас дәрігері Саидмұрат Саидвалиев фондтың елде СПИД-пен күрес жобаларының жүзеге асырылуы мақсатымен 13,8 миллион доллар қаражат бөлгенін мәлімдеді.
Қаражат 2016-2017 жылдары Өзбекстанда СПИД-пен күрес аясында қажетті жиһаз бен дәрі-дәрмек сатып алу, медицина қызметкерлеріне кәсіптік дайындық жұмыстарын өткізу үшін жұмсалады.
Өзбек үкіметі өткен жылы қыркүйек айында СПИД-пен күрес мақсатымен үш жылдық бағдарламаны бекіткен болатын. 20 миллион долларлық бағдарлама аясында СПИД-пен күресу жұмыстарымен қосы осы саладағы орталықтардың техникалық инфрақұрылымдарының жетілдірілуі үшін қаражат бөлінеді.
Осылайша Өзбекстанда HIV вирусын тасымалдаушылар санының 2017 жылға дейін 50 пайыз азайтылуы мақсат етіліп отыр. Өзбекстан Денсаулықты сақтау министрлігінің деректеріне қарағанда елде 32 мың 546 адам осы вирустың тасымалдаушысы.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар