ТР Сыртқы істер министрі өзбек әріптесімен кездесті

Ол Өзбекстанға үшжақты кездесу форматында консультациялар өткізуге барған болатын.

2186482
ТР Сыртқы істер министрі өзбек әріптесімен кездесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Өзбекстанның астанасы Ташкентте Сыртқы істер министрі Бахтияр Саидовпен кездесті.

Ол ТР Ішкі істер министрі Али Йерликая және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калынмен біге Өзбекстанға үшжақты кездесу форматында консультациялар өткізуге барған болатын.

Фидан кездесуде “Біздің көшбасшыларымыз елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін үлкен ерік-жігер танытып отыр. Екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты қазіргі заманның қажеттіліктері мен сын-қатерлеріне жауап беретіндей түрде нығайту және институттандыру екі тарап үшін де өте маңызды” деді.

Маусым айында Анкарада өткен Түркия-Өзбекстан жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 3-ші отырысының шын мәнінде тарихи бетбұрыс болғанын баса айтқан Фидан екі ел басшыларының елдердің қарым-қатынастары үшін маңызды шешімдер қабылдағанын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар