Ислам Каримов – қайтадан президент

Өзбекстандағы сайлаудың ресми қорытындысы жарияланды.

230582
Ислам Каримов – қайтадан президент

Өзбекстанда Ислам Каримовтың қайтадан президент ретінде сайланғаны ресми түрде жарияланды.


Орталық сайлау комиссиясы 29 наурыз күні өткен президенттік сайлаудың ресми қорытындысын мәлімдеді. Осыған орай Ислам Каримов дауыстардың 90,39 пайызын жинап, қайтадан сайланды.


Сайлаушылардың 91,08 пайызы қатысқан сайлауда халық Демократ партиясы басшысы Хатамджан Кетманов дауыстың 2,92, Әділет әлеуметтік демократия партиясы басшысы Наримджан Умаров 2,05, Ұлттық тірілу демократ партиясынан заңгер Акмал Саидов дауыстың 3,08 пайызын алды.


Елдегі сайлау заңына орай, бес жылдығына сайланған президент Орталық сайлау комиссиясы ресми қорытындыны жариялағаннан кейін кемінде екі ай ішінде парламентте ант ішіп, міндетін бастауы керек.


Елде 1990 жылдан бері билікте отырған Ислам Каримов 2007 жылғы желтоқсан айындағы соңғы сайлауда 88,1 пайыз дауыс жинаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар