Әйгілі әнші Имани Палестинаға қолдау көрсетуге шақырды

Әлемге әйгілі әнші Имани Түркия турнесінің алғашқы аялдамасы ел астанасы Анкарада жанкүйерлерімен кездесті.

2148846
Әйгілі әнші Имани Палестинаға қолдау көрсетуге шақырды

Комор аралдарынан шыққан әлемге әйгілі әнші Имани Палестинаға қолдау көрсетуге шақырды.

Имани Түркия турнесінің алғашқы аялдамасы ел астанасы Анкарада жанкүйерлерімен кездесті.

Сондай-ақ 8 виолончелистпен өз пьесаларын орындаған Иманының әніне көрермендер қосыла шырқады.

Имани концертте бейбітшілік жайлы үн қатып, «Бостандық үшін жұдырығыңды көтер. Газадағы атысты тоқтату үшін жұмылайық. Палестинаға бостандық. Палестина азат болмаса, ешқайсымыз да азат емеспіз» деді.

Көрермендер бұл үндеуді жұдырық көтеріп, қол соғу арқылы қолдады.



Ұқсас жаңалықтар