6-шы Этноспорт мәдениеті фестивалі ертең Стамбулда басталады

Этноспорт мәдениеті фестиваліне 30 ел қатысады.

2149138
6-шы Этноспорт мәдениеті фестивалі ертең Стамбулда басталады

6-шы Этноспорт мәдениеті фестивалі ертең Стамбулда басталады.

Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ұйымдастыруымен биыл 6-шы рет ұйымдастырылып отырған фестиваль төрт күнге созылады. Стамбул Ататүрік әуежайында өтетін шараға келушілер барлық шараларға тегін қатыса алады.

Этноспорт мәдениеті фестиваліне 30 ел қатысады. Фестиваль барысында дәстүрлі спорт және ойындар, дәстүрлі өнер, гастрономия және сахна өнері сияқты көптеген тақырыпта, сан-алуан іс-шара өткізіледі.

Фестиваль әр жастағы келушіні қызықтыратын іс-шаралар ұсынады.

Келушілер фестиваль бойынша дәстүрлі спорт түрлері және ойындардан бастап, табиғат пен жануарлар арасындағы байланыстар сияқты тақырыптарда ақпарат алуға ​​мүмкіндік табады.

Келушілерге түрлі тәжірибелер ұсынатын Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы қатысушыларға әлемдік гастрономиядан дәмдер ұсынады.

Дәстүрлі спорттар мен ойындарды қайта жаңғыртуды мақсат еткен Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы Түркия Фотосурет өнері федерациясының ынтымақтастығымен 6-шы Этноспорт мәдениеті фестивалі аясында бір фотосурет жарысын ұйымдастырады.



Ұқсас жаңалықтар