Ерсой мен Мендони  Афинада екіжақты кездесу өткізді

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мен Грекияның Мәдениет министрі Лина Мендони Грекияның астанасы Афинада кездесті

2140876
Ерсой мен Мендони  Афинада екіжақты кездесу өткізді

Грекияның астанасы Афинада Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мен Грекияның Мәдениет министрі Лина Мендони «Ромео мен Джульетта» спектаклін бірге тамашалады.

Ерсой мен Мендони  Афинада екіжақты кездесу өткізді.

Екі министр Акрополь мұражайын аралап, елдер арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы баға берді.

Ерсой түрік пен грек мәдениетінің көптеген ортақ элементтерінің бар екенін атап көрсетті.

Ерсой  «Әр сапар сайын бұл ортақ мәдениетті сезіну айқындала түседі. Екі лидердің (Президент Режеп Тайып Ердоған мен Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис) соңғы кездесулерінің нәтижесінде түрік-грек қарым-қатынастарының тіпті де көп күн тәртіпке келуімен жағымды атмосфера жаратылды» деді.

Ерсой туризм саласындағы ынтымақтастық үшін жасалған қадамдардың екі ел халқының бір-біріне сапарларын жылдамдатқанын білдірді.

Ерсой «Бүгінгі екіжақты кездесулерімізде екі ел арасындағы мәдени іс-шараларды одан әрі арттыру туралы шешім қабылдадық. Біз бұл туралы өте қысқа мерзімде қадамдар басатын  боламыз» деді.

Мендони болса Ерсойдың Мицотакис пен Ердоғанның дүйсенбі күні елорда Анкарада кездесуінен кейін Грекияға сапарының екі басшы арасында жасалған оң атмосфераның жалғасы екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар