Еуропа ойындары Стамбулда өтеді

Еуропалық Олимпиада комитеті 2027 жылы Еуропа ойындарын Стамбулда өткізу туралы шешім қабылдады.

2121151
Еуропа ойындары Стамбулда өтеді

2027 Еуропа ойындары Стамбулда өтеді.

Еуропалық Олимпиада комитетінің Атқарушы кеңесі 2027 жылы төртінші рет өтетін Еуропа ойындарын Стамбулда өткізу туралы шешім қабылдады.

Төраға Спирос Капралос "Стамбул мен Түркия  - көп уақыттан бері халықаралық спорттың жақсы досы, Стамбул өз азаматтарының игілігі үшін спортты күнделікті өмірмен бірлестірді. Біз Стамбулдың 2027 жылы  Еуропаның үздік спортшылары жарқырайтын тамаша орын болатынын білеміз» деді.

Ойындардың біріншісі 2015 жылы Бакуде, екіншісі Минскіде және үшіншісі Краков-Малопольск қаласында ұйымдастырылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар