«Түркия мәдениет жолы фестивалі» биыл 16 қалада өтеді

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой Стамбулда фестиваль бағдарламасын жариялады.

2119982
«Түркия мәдениет жолы фестивалі» биыл 16 қалада өтеді

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой Стамбулда «Түркия мәдениет жолы фестивалі» бағдарламасының егжей-тегжейін жариялады.

8 айға созылатын фестиваль аясында 6 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылады.

«Мәдениет жолы фестивалінің» әлемде теңдесі жоқ екенін айтқан министр Эрсой «Түркияда фестиваль климатын қамтамасыз етеміз» деді.

Үлкен шараға рекорд санда өнерпаздың қатысатынын айтқан Эрсой «2023 жылы фестивальге қатысатын өнер адамы саны 34 мыңға жетті. «Биылғы мақсатымыз – 40 мың өнерпаз» деді.

Министр Эрсой «Биыл Түркия мәдени жолы фестивалін 13-21 сәуір аралығында Аданада апельсин гүлі карнавалымен бастаймыз. Бұл бірегей мәдениет-өнер марафонын 2-10 қараша аралығында Анталияда аяқталады» деді.

Биылғы фестивальдің ең маңызды элементтерінің бірінің Пабло Пикассо болатынын атап көрсеткен Мәдениет және туризм министрі «80-нен астам түпнұсқа туындысы бар Пикассоның әсерлі көрмесін басты қонағымыз ретінде күтеміз және 3 ай бойы әртүрлі қалалардағы өнер сүйер қауымды таныстыру арқылы ерекше тәжірибеге қол таңба қалдырамыз» деді.

Сонымен қатар әлемге танымал көптеген тұлғаның туындылары фестивальдің сәнін келтірмек.

Биылғы жылы іс-шаралар 600-ден астам нысанда өтеді.

Мемлекеттік опера және балет театры әйгілі Анадолы аңызы «Шахмеран» да алғаш рет сахнаға қойылады.



Ұқсас жаңалықтар