Халықтың 49,9 пайызын әйелдер құрайды

Түркия Статистика Институты «Әйелдер статистикасы, 2023» зерттеуінің нәтижесін жариялады.

2111979
Халықтың 49,9 пайызын әйелдер құрайды

Түркия халқының 49,9 пайызын әйелдер құрайды.

Түркия Статистика Институты (TUIK) «Әйелдер статистикасы, 2023» зерттеуінің нәтижесін жариялады. Сәйкесінше ел халқының 49,9 пайызын әйелдер, 50,1 пайызын ерлер құраған.

Түркияның әйел халқы 42 миллион 638 мың 306 адам болса, ерлер саны 42 миллион 734 мың 71 адамды құрады. Ерлер мен әйелдер арасындағы бұл пропорционалды тепе-теңдік әйелдердің ұзағырақ өмір сүруінен. Әйелдер саны 60-74 жас тобында 52,1 пайызды құраса, 90 және одан жоғары жастағылар арасында 70,2 пайызды құрады.



Ұқсас жаңалықтар