FIFA: 2026 Әлем кубогының матчтары үш елде ойналады

Әлемдегі ең ірі футбол жарысы деп қабылданатын Әлем кубогы алғаш рет үш елде өтеді.

2097562
FIFA: 2026 Әлем кубогының матчтары үш елде ойналады

 

Халықаралық футбол федерациялары одағы FIFA 23-ші рет ұйымдастырылатын Әлем кубогы шеңберінде ойналатын матчтардың Канада,  Мексика және Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) болатынын білдірді.

2026 Әлем кубогы ақтық сайысы болса 19 шілде күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында болады.

82 500 жанкүйер сыятын «MetLife» стадионы Чили командасы Аргентина командасын жеңген 2016 «Copa America» футбол турнирінің ақтық сайысына да куә болған еді.

FIFA 39 күндік жарыстың алғашқы матчының 11 маусым күні Мехикода, үшінші орын үшін таластың Флоридада болатынын хабарлады.

Әлемдегі ең ірі футбол жарысы деп қабылданатын Әлем кубогы алғаш рет үш елде өтеді.

Жарысқа 48 ел командалары қатысады.



Ұқсас жаңалықтар