Анталия туризмде 2024 жылды рекордпен бастады

Қалалық мәдениет және туризм басқармасы мәлімдеме жасады.

2096702
Анталия туризмде 2024 жылды рекордпен бастады

Әлемдегі ең маңызды туристік қалалардың бірі Анталияда 2024 жылдың қаңтар айында шетелдік турист саны бойынша тағы рекорд жаңартылды.

Қалалық мәдениет және туризм басқармасының мәлімдемесіне қарағанда өткен айда Анталияға әуе жолы арқылы келген турист саны 2023 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 4,1 пайыз артып, 229 мың 97 адамға жетті.

Осы кезеңде Анталияға ең көп ресейлік туристер келді.

Қалаға ең көп турист келетін елдер кезегімен Германия, Англия, Польша, Украина, Қазақстан, Голландия, Иран, Бельгия, Қырғызстан, Франция, Австрия және Швеция болды.



Ұқсас жаңалықтар