TRT арналары UEFA матчтарын жариялайтын болды

TRT UEFA Чемпиондар лигасы, UEFA Еуропа лигасы және UEFA Конференция лигасы матчтарын жариялау лицензиясын алды.

2093630
TRT арналары UEFA матчтарын жариялайтын болды

Түркия Телерадио Корпорациясы (TRT) алдымыздағы маусымнан бастап 3 маусым UEFA Чемпиондар лигасы, UEFA Еуропа лигасы және UEFA Конференция лигасы матчтарын жариялау лицензиясын алды.

Бұл туралы TRT хабарлады. Түрік командаларының матчтары TRT 1 және TRT Spor арналарынан тегін көрсетіледі. Одан да көп матч TRT-нің жаңа цирфлық платформасы «tabii» арқылы көрсетіледі.

TRT тарихында бірінші рет UEFA Чемпиондар лигасы, UEFA Еуропа лигасы және UEFA Конференция лигасы матчтарын жариялау лицензиясын алды.

TRT Бас директоры Мехмет Захид Собажы осы жаңалыққа қуанышты екендерін білдіріп, «TRT UEFA Чемпиондар лигасы, UEFA Еуропа лигасы және UEFA Конференция лигасы матчтарының жалғыз жариялаушы арнасы болды. TRT тарихындағы осы жаңалық бізді қуанышқа бөледі» деді.



Ұқсас жаңалықтар