Ұлттық сарайларды 7 миллионнан астам турист аралады

Алдынғы жылмен салыстырғанда келуші саны 9 пайыз артты.

2083243
Ұлттық сарайларды  7 миллионнан астам турист аралады

Ұлттық сарайларға 2023 жылы 7 миллионнан астам турист келді.

Ұлттық сарайлар басқармасының есебіне қарағанда, өткен жылы Ұлттық сарайлар басқармасына қарасты сарай және мұражайларға келгендердің саны 7 миллион 261 мың 241 болды.

Осылайша алдынғы жылмен салыстырғанда келуші саны 9 пайыз артты.

Сарайлар арасында ең көп адам келген сарай – Топкапы сарайы.  Топкапыға бір жылда  3 миллион 474 мың 760 кісі келді. Долмабахче сарайын 1 миллион 421 мың 55 турист аралады.

Бейлербейі сарайына былтыр 513 мың 100 қонақ келді.



Ұқсас жаңалықтар