«2023 Неджип Фазыл марапаттары» ұйымдастырушыларын құттықтады

Режеп Тайып Ердоған «2023 Неджип Фазыл марапаттары» жеңімпаздары мен ұйымдастырушыларын жариялаған жолдауымен құттықтады.

2082498
«2023 Неджип Фазыл марапаттары» ұйымдастырушыларын құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған биыл оныншы рет өткізілген «2023 Неджип Фазыл марапаттары» жеңімпаздары мен ұйымдастырушыларын жариялаған жолдауымен құттықтады.

Президент Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған хабарламасында: «Неджип Фазыл сыйлығын табыс еткен ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлерін құттықтап, әрқайсысына өзімнің, елімнің, ұлтымның атынан шын жүректен алғыс айтамын» деді.

Ердоған «Жаңа ғана өскен жастарымыз ұстаздарынан қалған аманатты лайықты түрде алып, одан да асқақтатып, өзінен кейінгілерге ең жақсы түрде тапсыратынына сенемін» деді.

Неджип Фазыл марапаттарының өте маңызды рөл атқарғанына назар аударған президент Ердоған «Бұл марапаттармен ұлы ақынымызға адалдық борышымызды өтеп қана қоймай, Түркияның құндылықтарын да қорғаймыз» деді.

Ердоған марапат иелерінің Түркияның үлкен адамдық қазынасынан тыңғылықты жұмыс нәтижесінде анықталған есімдер екенін де баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар