Елші Исмаил Хаккы Мұса Қытай халқын жаңа жылмен құттықтады

Түркияның Қытайдағы өкілетті және төтенше  елшісі Исмаил Хаккы Мұса Қытай халқын жаңа жылмен құттықтады.

2079629
Елші Исмаил Хаккы Мұса Қытай халқын жаңа жылмен құттықтады

Түркияның Қытайдағы өкілетті және төтенше  елшісі Исмаил Хаккы Мұса халық ақыны Юнус Эмренің «Кел, танысайық » өлеңінің шумақтарымен Қытай халқын жаңа жылмен құттықтады.

Елші Мұсаның жаңа жылдық жолдауы ағылшын тіліндегі «China Global Television Network» (CGTN) телеарнасы мен веб-сайтында жарияланды.

Мұса жолдауында түрік, ағылшын және қытай тілдерінде «Кел, танысайық/Істі оңайластырайық/Дос болайық/Дүние ешкімге қалмайды» деген шумақтарды оқыды.

Мұса жолдауында Түркия мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 1971 жылы құрылғанын, бірақ екі ел арасындағы қарым-қатынастардың тарихы ғасырлар бұрын басталғанын айтты.

Елші Мұса Жолдауын «Баршаңызды жаңа жылмен құттықтаймын» деп аяқтады.



Ұқсас жаңалықтар