«1915 Чанаккале көпірі» жыл жобасы ретінде таңдалды

«1915 Чанаккале көпірінің» жоба иелері марапатталды.

2078842
«1915 Чанаккале көпірі» жыл жобасы ретінде таңдалды

Америка Құрама Штаттарында орналасқан «Engineering News-Record» журналы «1915 Чанаккале көпірін» «Жыл жобасы» ретінде таңдалда.  «1915 Чанаккале көпірінің» жоба иелері марапатталды. Жүлде онлайн арқылы  берілді.

Антарктидадан басқа барлық континенттен және 23 елден 100-ден астам инженерлік жоба ұсынылған байқауда қазылар алқасы ұжымдық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі, инновация мен қоғамға қосқан үлесі, құрылыс сапасы, дизайндағы эстетикалық сапа сияқты көптеген критерийлерді бағалай отырып, 31 жобаны марапаттады.

Осы айда өткізілген екінші турда жеңімпаз атанған 31 жобаның арасында жасалған жалпы бағалау нәтижесінде «1915 Чанаккале көпірі» жобасы «Жыл жобасы» сыйлығына ие болды.  

«1915 Чанаккале көпірі» осы уақытқа дейін 24 ұлттық және халықаралық беделді марапаттарға ие болды.



Ұқсас жаңалықтар