Эквадорда «Түркия кереметтері» көрмесі ашылды

«Түркия кереметтері» көрмесі Латын Америкасында Кито қаласында ашылды.

2075402
Эквадорда «Түркия кереметтері» көрмесі ашылды

Түркия Республикасының 100 жылдық мерейтойы аясында Оңтүстік Америка елі Эквадорда «Түркия кереметтері» көрмесі ашылды.

Әлемнің әртүрлі қалаларында 15 рет өткізілген «Түркия кереметтері» көрмесі Латын Америкасында алғаш рет Кито қаласында ашылды.

Түркияның әртүрлі аймақтарындағы табиғи, архитектуралық және тарихи сұлулықтардың бөлімдері ұсынылған көрменің ашылуына Эквадор Мәдениет және мұра министрі Ромина Муноз, Түркияның Эквадордағы елшісі Макбуле Башак Ялчын, көптеген елдің дипломатиялық өкілдері және осында тұратын түрік азаматтары қатысты.

Министр Муноз мұндағы сөйлеген сөзінде түрік мәдениетінің Эквадор халқына әсіресе соңғы бір жылда ұйымдастырылған шаралардың арқасында жақындағанын және бұған өте риза болғандарын білдірді.

Елші Ялчын да Эквадор халқының түрік мәдениетіне үлкен қызығушылық танытқанына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар