Тарихи жәдігерлер қайтарылды

Туындылардың тапсырылуына орай Түркияның Нью-Йорк Бас консулдығында рәсім ұйымдастырылды.

2073398
Тарихи жәдігерлер қайтарылды
anadolu tarihi eser boubon burdur.jpg
anadolu tarihi eser boubon burdur.jpg
anadolu tarihi eser boubon burdur.jpg

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) тәркіленген Анадолының 41 тарихи жәдігері Нью-Йоркта түрік лауазым иелеріне тапсырылды.

Көпке созылған соттық іс нәтижесінде Түркияға берілуіне шешім шығарылған туындылардың тапсырылуына орай Түркияның Нью-Йорк Бас консулдығында рәсім ұйымдастырылды.

АҚШ-тағы кейбір мұражайлардың өкілдері мен бір топ ғалым қатысқан рәсімде Мәдениет және туризм министрлігі өкілдері Манхаттан аймақтық прокуратурасымен жүргізілген жұмыс нәтижесінде тәркіленген Анадолының 41 жәдігерін қабылдап алды. 

Тарихи жәдігерлер біздің дәуірімізден бұрынғы 7-ғасырдан біздің дәуіріміздің 7-ғасырына дейін созылған кезеңнен қалған. Қайтарылған тарихи жәдігерлер арасында 60 жыл бұрын Бурдурағы Бурбон ежелгі қаласынан АҚШ-қа алып қашырылған түрлі бұйымдар да бар.



Ұқсас жаңалықтар