Римде түрік кофесі таныстырылды

Юнус Эмре институты 5 желтоқсан – Түрік кофесі күніне орай шара өткізді.

2073176
Римде түрік кофесі таныстырылды

Түрік кофесі Италияның бас қаласы Римде таныстырылды.

Юнус Эмре институты 5 желтоқсан – Түрік кофесі күніне орай шара өткізді.

2013 жылы ЮНЕСКО тарапынан түрік кофесі Адам баласының материалдық емес мәдени мұра тізіміне алынған еді.  Сондықтан жыл сайын 5 желтоқсан күні Түрік кофесінің халықаралық күні ретінде атап өтіледі.

Юнус Эмре институты осы датаға орай «Кофе ішуге күтеміз» деген ұранмен шара өткізді.  Қонақтарға түрік кофесімен бірге түрік тәттісі – локум ұсынылды. Айрықша түрік кофесін дайындау туралы мәлімет берілді.

Келген қонақтар сонымен бірге түрік кофесі тақырыбында қалыптастырылған көрмені де аралады.



Ұқсас жаңалықтар