Мексика Ұлттық Әлем мәдениеті мұражайында «Түркия залы» ашылды

Мексика Ұлттық Әлем мәдениеті мұражайындағы «Түркия залы» Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) тарапынан ашылды.

2068422
Мексика Ұлттық Әлем мәдениеті мұражайында «Түркия залы» ашылды

Түркияның бай тарихы мен мәдени түрлілігін көрсететін туындылардан тұратын Мексика Ұлттық Әлем мәдениеті мұражайындағы «Түркия залы» Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) тарапынан ашылды.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген ТИКА төрағасы Серкан Каялар: «Түркия залы елдеріміз арасындағы достық пен екі қоғамның жақындасуына үлес қосады деп ойлаймын. Грек, Қытай және Мысыр сияқты ежелгі өркениеттердің археологиялық, антропологиялық және этнографиялық туындылары орын алған осы құнды  бұражайда TИKA-ның көмегімен "Түркия залымызды" ашу арқылы біз Республикамыздың 100-ші жылдығын атап өтеміз» деді.

Мұражайда тарихтың ең көне құрылымдарының бірі Гөбеклитепе туындыларымен қатар, тарих бойы көптеген өркениеттерді қабылдаған Анадолыда 13 кезеңнен 61 туынды қойылған.



Ұқсас жаңалықтар