«TRT World Citizen» сыйлықтары табыс етілді

«TRT World Citizen» фильм фестивалі сыйлықтары Стамбулда өткен салтанатты кеште табыс етілді.

2061928
«TRT World Citizen» сыйлықтары табыс етілді

Түркия телерадио коорпорациясы «TRT World Citizen» тарапынан ұйымдастырылған гуманитарлық фильмдер фестивалінің сыйлықтары Стамбулда өткен салтанатты кеште табыс етілді.

Биыл 5-ші рет өткізілген фестиваль аясында бас жүлдені «Branka» атты фильмімен венгриялық Акос Ковакс алды. Екінші орынды ирандық Алиреза Каземпурдың «Split Ends» (Бөлінген ұшы) атты фильмі, 3-ші орынды Косоводан келген Самир Караходағаның «Displaced» (Жер аударылған) атты фильмі иеледі. Салтанатты кеште «Климаттық айырмашылық» сыйлығы «The Sprayer» (Бүріккіш) фильмімен ирандық Фарнуш Абедиге, ал ТРТ-нің арнайы жүлдесі «Night» (Түн) фильмімен палестиналық Ахмад Салехке табыс етілді.

Салтанатты кештің ашылу рәсімінде сөйлеген TRT Бас директоры Мехмет Захид Собажы фестивальдің тақырыпты, өнерді және фильмді адам мәселелеріне бағытталған және эмоцияны, ойды, қабылдау мен наразылықты ынталандыратын қойылымдар жарияланады.

Жаппай қырғын жасалғаны әлемнің қансыраған жарасына айналған Палестина үшін ТРТ арнайы сыйлығының табыс етілгенін атап көрсеткен Собажы «Әлемнің тағы да гуманитарлық сынақтан өте алмағанына куә болып отырмыз. Израиль 7 қазан күнінен бері Газа халқына қарсы жаппай қырғын жасап, сәбилерді, балаларды, әйелдерді және науқастар мен ауруханаларды, киелі орындарды, мектептер мен босқын лагерьлерін қиратып, адамзатқа қарсы қылмысын жалғастыруда» деді.



Ұқсас жаңалықтар